«Мейірбандық күндер» қайырымдылық айлығы

Құрметті қала тұрғындары! 

1991 жылдан бастап БҰҰ Бас ассамблеясының шешіміне сәйкес жыл сайын 1 қазан Халықаралық қариялар күні болып тойланып келеді. Бұл мейрамда аз қамтылған жандар, қариялар, жалғыз басты зейнеткерлер мен  мүгедектер басты назарда болып, оларға әлеуметтік-тұрмыстық, материалдық және басқа да көмектер көрсетіледі. Қазақстанда бұл мейрам «Қария адам күні» деп аталады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында Мүгедектер күнін белгілеу туралы» 1993 жылғы 15 маусымдағы №1224 Жарлығына сәйкес қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күні болып саналады.

Дәстүрді сақтау мақсатында жыл сайын Орал қаласында өткізілетін «Мейірбандық күндерінің» қайрымдылық шаралары 1 мен 31 қазан аралығында жүргізілетінін назарыңызға саламыз.

Осыған байланысты шараға қатысып, соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге, мүгедек жандарға, ерекше назар аударып, оларға қолдау мен нақты атаулы көмек көрсетуіңізді сұраймыз.

Осы дәстүрлі күндері қарттарымызға ілтипат танытып, оларға қолдау мен қамқорлық көрсетіп, мұқтаж адамдарға көмек қолын созатын қайырымды адамдар біздің өңірде аз еместігіне сенімдіміз.

Толық ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуыңызға болады: Достық-Дружба даңғылы 161 үй, 10,11,12 бөлмелер «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, тел: 24-70-06, 24-70-09, 24-01-61 факс: 30-01-12. 

«Мейірбандық күндер» қайырымдылық айлығы шеңберіндегі іс-шаралар жоспары