Басшылық

Ғалиев Ерлан Ерсайынұлы - бөлім басшысы

Ғалиев Ерлан Ерсайынұлы 1977 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы, Әжібай ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2002 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетін және 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің «Экономика» факультетін аяқтаған.
Еңбек жолын 1996 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жалпақтал ауылының Ғ.Молдашев атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.
1997-2001 жылдары Орал қаласының №41 ЖОББМ-де бастауыш сынып мұғалімі, 2001-2004 жылдары Орал қаласының №19 ЖОББМ директорының тәрбие жөніндегі орынбасары болып еңбек еткен.
2004-2005 жылдары Орал қаласының Білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің тәрбие жұмысының әдіскері, 2005-2006 жылдары Орал қаласының Білім беру бөлімінің бас маманы болды.
2006-2007 жылдары Орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру, бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, 2007-2008 жылдары Орал қаласы әкімі аппаратының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі жауапты хатшы-бас маманы, 2008-2012 жылдары Орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау, кадр жұмысы және мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімінің бас маманы, 2012-2013 жылдары Орал қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің “Жұмыспен қамту орталығы” мемлекеттік мекемесінің директоры, 2013-2015 жылдар аралығында Орал қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары - ұйымдастыру-бақылау жұмыстары және мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімі басшысы болып қызмет атқарды.
2015-2017 жылдары Орал қаласы жер қатынастары бөлімінің басшысы, 2017-2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының стратегиялық даму бөлімінің басшысы, 2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеді.