Ереже

«Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

1. «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орган болып табылады.

2. «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнің мынадай ведмостовалары бар:

1) Орал қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту отралығы» мемлекеттiк мекемесi;

2) «Орал қаласының белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» мемлекеттiк мекемесi;

3) «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» мемлекеттiк мекемесi.

3. «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы, мөрi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

6. Егер «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесіне заңнамаға сәйкес, осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090002. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Привокзальная көшесi- 85.

10. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттiк тiлде: «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi. Жұмыс уақыты: 9.00-ден 18.30-ға дейін түскі үзіліс 13.00-ден14.30-ға дейін.

Орыс тілінде: Государственное учрежде ние «Отдел занятости и социальных программ».

11. Осы Ереже «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.

12. «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырады.

13. «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесіне кәсіпкерлік субьектілерімен функциялары болып табылатын міндеттері «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салады.

Егер «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекеме заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекеменің миссиясы мемлекеттің жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы саясатын жүзеге асыру.

15. Міндеттері:

1) жұмыссыздықты азайтуға жәрдемдесу және оны әлеуметтік қолайлы деңгейде ұстау, жұмысқа орналастыру, қайта оқыту және жұмысқа жарамды жұмыспен қамтылмаған халықты кәсіптік бейімдеу;

2) ұйымдарды қажетті кадрлармен толықтыруға жәрдемдесу;

3) жұмысқа жарамды халықтың жұмыс таңдауда қажеттіліктерін қанағаттандыру немесе жұмыс түрлері негізінде тиісті ақпарат беру және жұмыспен қамту және кәсіптік оқыту мәселелері бойынша кеңес беру;

4) қалалық, облыстық және республикалық бюджет қаржыларынан тағайындалатын әлеуметтік жәрдемақы түрлерімен дұрыс және уақытында қамтамасыз ету;

5) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктері бойынша оларға теңестірілген тұлғаларға сонымен қатар жұмысқа жарамсыз әлеуметтік көмекке мұқтаж басқа да топтарға, жалғызбасты зейнеткерлерге және мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету;

6) Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына әлеуметтік көмек және тиісті әлеуметтік қызмет көрсету;

7) Кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға, сонымен қатар әлеуметтік қолдау көрсету;

8) Мүгедектерді жеке қозғалыс құралдарымен қамтамасыз ету, протез-ортопедиялық көмек ұйымдастыру және есту аппаратарымен қамтамасыз ету;

9) Халықты әлеуметтік қолдау жүйесіне біріңғай ақпараттық технология енгізу.

16. Функциялары:

1. орталық аппараттың функциялары:

1) Жұмыспен қамту және азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек бойынша нормативтік- құқықтық актілердің жобасын дайындау;

2) жұмыс орындарын құру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыздарды кәсiптiк дайындау және қайта дайындау, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселелерi енетiн халықты жұмыспен қамту бағдарламасын дайындауға және жүзеге асыруға, жұмыспен қамту мәселесi жөнiнде ақпараттық деректер негiзiн құруға және дайындауға қатысады;

3) жұмысшы күшіне ұсыныстар мен сұраныстарды жобалау;

4) мүдделі органдармен бірлесе отырып, еңбек рыногындағы сұраныстарды анықтап, кадрларды дайындау;

5) еңбек рыногының біріңғай ақпараттық базасы негізінде жұмысшы күшіне сұраныстармен ұсыныстардың мониторингін жасау, еңбек рыногы жағдайы туралы халыққа ақпарат беру;

6) жұмыссыз азаматтарды тіркеу және оларға өз құзыры шегінде әлеуметтік қолдау көрсету;

7) еңбек рыногындағы қажеттіліктерді ескере отырып, жұмысшы күшін кәсіптік оқыту және қайта оқытуды өткізу және ұйымдастыру;

8) мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерден тұрмысы төмен азаматтар базасынан атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

9) тұрмысы төмен азаматтарға коммуналдық қызметтi төлеуге және тұрғын жайды ұстауға және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақыны ұлғайту бөлiгiндегi байланыс қызметiне тұрғын үй жәрдемақысын ұсыну қызметiн ұйымдастырады;

10) тұрмысы төмен отбасыларын кәсіпорындар мен коммерциялық құрылымдарға бекіту бойынша жұмыстар;

11) уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес, іс әрекетке қабілетсіз азаматтарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметін орындау;

12) «Белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» ММ, «Мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» ММ, Орал қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту орталығы» ММ бағдарламаларының әкімгері болып табылады;

13) ұжымдық еңбек қатынастары аумағында әлеуметтiк әрiптестiк жүйесiн реттеу жөнiндегi ұсыныстарды дайындауға және жүзеге асыруға қатысады;

14) мүгедектерге және жалғызілікті қарттарға және мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

15) белгіленген тәртіпке сәйкес, мемлекеттік және ведомствалық есептер құру, оларды бағыныстары бойынша ұсыну, бухгалтерлік есептер мен есептілікті жүргізу;

16) жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;

17) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен өзiне жүктелген басқа да қызметтердi орындайды;

18) азаматтардың, жұмыс берушілер мен ұйымдардың шағымдары мен өтініштерін қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен қарау болып табылады.

2) ведмостовалардың функциялары:

1. «Белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» мемлекеттік мекемсі: 

  • белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға әлеуметтік, құқықтық, психологиялық, медициналық көмек көрсету;
  • қаланың санитарлық-эпидемологиялық көркейуін қамтамасыз ету;
  • жұмысқа қабілетті жастағыларды, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандардыжұмыс орындары квотасы есебінен меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
  • зейнеткерлік жасына жеткендер немесе мүгедектерге зейнетақы немесе мемлекеттік жәрдемақылар тағайындауға жәрдемдесу;
  • болашақта интернаттар мен қарттар үйлеріне орналастыруға жәрдемдесу. 

2) «Мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» мемлекеттік мекемесі:

1) үйде қызмет көрсетуге мұқтаж қызмет алушыларды анықтау және

есепке алу;

2) дағдыланған әлеуметтік ортада қолайлы моральдық—психологиялық жағдай жасауға жәрдемдесу;

3) қызмет алушыларға стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік оңалту іс — шараларын өткізуге бағыттылған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан — жақты көмек көрсету;

4) үй жағдайында мүгедектерге әлеуметтік, медициналық және кәсіптік оңалту жүргізуге;

3. Орал қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі:

1) өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыз және табысы аз халықты кәсіптік оқуға жолдама беру және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

2) қалада кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;

3) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру болып табылады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

Мекемеге жүктелген мiндеттер мен қызметтердi жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiп бойынша Орал қаласы аумағында орналасқан жергiлiктi мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан және кәсiпорындардан сондай-ақ лауазым иелерiнен, азаматтардан құжаттар, шарттар, анықтамалар немесе басқа да материалдар талап етуге, сұратуға және алуға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесін басқаруға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. Орал қаласының әкімі «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21.«Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:

1) Бастық мекеменің жұмысын ұйымдастырады және Мекемеге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы үшін дербес жауапкершілікте болады.

2) Бастық Мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет етеді, оның атынан мекемелер мен ұйымдарда өкілдік етеді, заңнамада белгіленген тәртіппен мекеменің мүлігі мен қаражатына иелік етеді, шарттар жасайды, сенімхаттар, оның ішінде қайта сенім білдіру құқығымен сенімхаттар береді, банктерде мекеменің шоттарын ашады.

3) Мекеменің аппараты бөлімнің қызметiн қамтамасыз ететiн секторлардан, бөлiмшелерден және басқа да құрылымдық бөлiмшелерден тұрады.

4) Мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілігін анықтайды;

5) Мекеме бастығы бөлімнің қызметкерлерiн заңнамада белгiленген тәртiпке сәйкес қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;

6) өз құзіреті шегінде Мекеменің актілерін шығарады және қол қояды;

7) Заңнамада белгiленген тәртiпке сәйкес мадақтау, материалдық көмек, тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi;

8) Мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы Ережені бекітеді, сонымен қатар секторларды, бөлімдерді және басқа да құрылымдық бөлімшелерді қалыптастырады, қайта ұйымдастырады, жабады және таратады;

9) Қызметкерлер саны және белгіленген еңбек ақы қоры шегiнде шығын сметасын және бөлiм аппаратының штаттық кестесiн бекiтедi;

10) өз ұжымындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың жағдайына дербес жауап береді;

11) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

12) Мекемемен қабылданған шешімдер, Мекеме басшысының бұйрықтарымен ресімделеді.

1) Орталық қызметінің мәні мен мақсатын айқындайды;

2) Жарғыны бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

3) Орталыққа тиесілі мүліктің мақсаты бойынша қолданылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

«Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекетті мекеменің мүлкі

23. «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемеcін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.