Әлеуметтік әріптестік

Әлеуметтік әріптестік қатынастарын дамыту және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе атқарылып жатырған шараларды кеңінен ақпараттандыру мақсатында қалалық әкімдіктің сайтына «Әлеуметтік әріптестік» бөліміне орналастыру үшін ақпарат

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үш жақты комиссиясының жұмыс тобы болып табылады.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұловтың 2018 жылғы 18-ші сәуірдегі №2270 тапсырмасына сәйкес, 2018 жылдың 1 тоқсанында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үш жақты комиссиясының 5 отырысы оздырылды. Комиссия отырысының атқарылған жұмыстары жөнінде төмендегідей ақпарат жолдайды.  

1. 2018 жылғы 2 ақпанда №1 хаттамаға сәйкес, қалалық үш жақты комиссия отырысы өткізіліп, күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды:

- «Парыз» республикалық сайысына қатысқан кәсіпорын  басшыларына  дипломдар табыс ету.

- Әлеуметтік сұхбат ұйымдастыру жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар   туралы мәлімет (ұжымдық шарттар, меморандумдар, еңбек шарттары, біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорларына уақытында міндетті зейнетақы аударымдарын және еңбекақы төлемдерін дер кезінде толық аударылуы).

- Міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарының  қысқаруына жол берген  кәсіпорындар мен ұйымдар атқарылған   жұмыстары жөнінде ақпарат.

- 2018 жылға еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу мен әлеуметтік 

әріптестік жөніндегі қалалық үш жақты комиссияның жұмыс жоспарын  бекіту.

2. 2018 жылғы 28 ақпанда №2 хаттамаға сәйкес, қалалық үш жақты комиссия отырысы өткізіліп, күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды:

- «Локальный профсоюз Су арнасы по городу Уральск» АҚ кәсіподақ мүшелерінің «Батыс  Су арнасы» ЖШС қызметкерлерінің Батыс Қазақстан облысы және Орал қаласы әкіміне өтінішін қарау.

3. 2018 жылғы 06 наурыздағы  №3 хаттамаға сәйкес, қалалық үш жақты комиссия отырысы өткізіліп, күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды:

- Орал қаласы  әкімдігімен «БҚО кәсіподақ орталығы» кәсіподақтардың  аймақтық бірлестігі және жұмыс берушілер  бірлестіктері арасындағы 2018 – 2020 жылдарға арналған келісімді талдау.

- Жұмыс тобын құру.

4. 2018 жылғы 14 наурыздағы  №4 хаттамаға сәйкес, қалалық үш жақты комиссия отырысы өткізіліп, күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды:

- Орал қаласы  әкімдігімен «БҚО кәсіподақ орталығы» кәсіподақтардың  аймақтық бірлестігі және жұмыс берушілер  бірлестіктері арасындағы 2018 – 2020 жылдарға арналған келісімді талдау.

5. 2018 жылғы 20 наурыздағы  №5 хаттамаға сәйкес, қалалық үш жақты комиссия отырысы өткізіліп, күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды:

- Орал қаласы  әкімдігімен кәсіподақтардың  аймақтық бірлестігі және жұмыс берушілер  бірлестіктері арасындағы 2018 – 2020 жылдарға арналған келісімге қол кою.

 «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үш жақты комиссиясы отырысында қарастырылған мәселелер оң шешімін тауып, өзекті мәселелер үнемі жұмыс тобының бақылауында екендігін назарыңызға салады.

Бөлім басшысы                              Т.Кайрекеев

 

орынд. М.Есмуканова,

 тел.93-35-68